Мұғалімдерге қатысты құқықбұзушылық 3 жылда 3 есе азайды
«Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданғалы мұғалімнің ар-намысына тиген оқушылардың ата-аналарына қатысты 12 әкімшілік іс қозғалды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің өкілі айтты. Заң талаптарын бұзу фактілері соңғы үш жылда үш есе азайған. Алғашқы жылдары 111 құқық бұзушылық тіркелсе, қазір бұл көрсеткіш 38-ге дейін төмендеген. Анықталған деректердің көбі педагогтерді газет-журналға күштеп жаздыруға, концерт билеттерін сатып алуға және түрлі іс-шараларға көрермен ретінде мәжбүрлеуге қатысты. Министрлік ұстаздардың қоғамдағы мәртебесін арттыру және құқықтарын қорғау бойынша жұмысты жалғастырмақ. Мемлекет басшысы бұл бағытты күшейту үшін заңға өзгерістер енгізу туралы тапсырма берді.
Серік Әшіров
, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің комитет төрағасы:
Аталған Заң жобасында педагогтердің құқығын бұзған, құрметсіздік көрсеткен азаматтарды жауапкершілікке тарту шараларын күшейту нормалары қарастырылуда. Яғни, бұрын бірінші рет орын алған педагогтердің құқықтарын бұзу фактілері бойынша ескерту берілетін болса, енді бұзушылыққа жол берген азаматтар бірден әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Сондай-ақ,
ведомство өкілі кадр тапшылығы мәселесі де біртіндеп шешіліп жатқанын айтты.
Қазір ел бойынша 5 мыңнан астам мұғалім жетпейді. Сұраныс әсіресе, ауылдарда
жоғары. Математика, бастауыш сынып мұғалімі, химия, физика және орыс тілі мен
әдебиеті пәнінің педагогтері қажет. Дегенмен, бос орынның көбі уақытша. Кей
ұстаздар декреттік демалыста, кейбірі шетелге тағылымдадан өтуге кеткен.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы