2025 жылдың жетістіктері: 16,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Биыл 16,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Мыңдаған отбасы жаңа баспанасында қоныс тойын тойлады. Үкіметтің дерегінше, 219 денсаулық сақтау нысаны салынып, дәрігер тапшылығы 19%-ға қысқарды. 130 жаңа мектеп ашылды. 5,9 трлн теңге зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге бағытталып, 4,6 млн қазақстандық мемлекеттен көмек алады. 33 жаңа зауыт іске қосылып, тағы 150-уі жаңартылды. Диқандар екінші жыл қатарынан астық жинаудан рекорд жасап, биыл қамбаға 27,1 млн тонна астық бастырылды. 13 мың шақырым жол салынып, жөндеуден өтті. Халықтың 90%-ы интернетпен қамтылды. Қазақстан Starlink спутниктік интернетіне қол жеткізген Орталық Азиядағы алғашқы мемлекет болды. Бір жылда «Таза Қазақстан» аясында 335,6 млн ағаш отырғызылды. Сондай-ақ, ел экономикасы 6,4%-ға өсті. Мамандардың айтуынша, 2025 жыл еліміз үшін табысты жыл болды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы