Зеленский елдің шығысында еркін экономикалық аймақ құруға қарсы еместігін білдірді
Украина президенті Донбасстан жауынгерлерін шығарып, онда әскери емес аймақ құру идеясын қолдайтын сыңай танытты. Бірақ, бұл бастаманы жүзеге асыру үшін Ресей армиясы да Донбасстан кетуі керек. Мұны Зеленский соңғы апталарда АҚШ және Еуропа одағы делегацияларымен талқыланып, жаңартылған 20-пункттік бейбіт жоспардың мазмұнын жариялай отырып мәлімдеді. Айта кетсек, сол жоспарда Құрама Штаттар Украинадағы соғысты тоқтату үшін Донбасста еркін экономикалық зона құруды ұсынған. Алайда, Кремль бұл ұсынысқа қатысты позициясын әлі жарияламады.
Донбасстағы
Луганск облысының түгелге жуығы мен Донецк облысының 70 пайыздан астамы
Ресейдің бақылауында. Мәскеу украин сарбаздары бұл өңірден толық кетпесе,
ешқандай бейбіт келісімге қол қоймайтынын бұған дейін бірнеше рет ескертті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы