Қазақстан күнбағыс майын экспорттайтын топ-10 елдің қатарына кірді
Қазақстан күнбағыс майын экспорттайтын әлемдегі жетекші он елдің қатарына кірді. Майлы дақылдарды өңдеушілер ұлттық қауымдастығының басқарма төрағасы еліміз рейтингтің сегізінші сатысына жайғасқанын мәлімдеді. Үкіметтің баспасөз өкілдері биыл 10 айда тазартылған майдың экспорты 122%-ға өсіп, 132 мың тоннадан асқанын жазды. 2026-дан бастап жыл сайын 370 мың тонна май өндіретін төрт ірі инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған. Бұл саланы дамытуға серпін береді, - дейді ведомство өкілдері. Сонымен бірге, екі-үш жылда Орталық Азия мен Таяу Шығыс нарықтарындағы позициясын нығайтуға болатынын айтады.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06