Зеленский жаңартылған бейбіт жоспардың мазмұнын жариялады
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ жасаған 20 пункттен тұратын бейбіт жоспар туралы толығырақ баяндап берді. Зеленскийдің сөзінше, америкалық жобаға сәйкес, Украина армиясының саны 800 мың адаммен шектелмек. Және де АҚШ, Еуропа одағы, НАТО Киевке қауіпсіздік кепілдігін беруі керек. Сонымен қатар, Украина Еуропа одағына бейбіт келісімде көрсетілген уақытта өтуі тиіс. Дегенмен, Запорожье атом электр станциясы мен Донбасс мәселесінде ортақ мәмілеге қол жеткізу қиынға соғып отыр. Зеленский бұл АЭС-ті АҚШ пен Украина Ресейдің қатысуынсыз басқарғанын қалайды. Құрама Штаттар болса, ядролық нысан ісіне Мәскеуді тартуды ұсынған. Ал Ресей Донбасстан Украина армиясын шығаруды талап етіп отыр. Зеленский Донецк пен Луганск облыстарынан кету идеясына әу-бастан қарсылық білдіріп келеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы