Seifullin University IREG құрамына енген Қазақстандағы бесінші жоғары оқу орны атанды
Seifullin University IREG халықаралық ұйымының мүшелігіне салтанатты түрде қабылданды. Осылайша университет IREG құрамына енген Қазақстандағы бесінші жоғары оқу орны атанды.
«Бұл оқиға тек университет үшін ғана емес, тұтастай алғанда елдің жоғары білім беру жүйесі үшін де ерекше маңызға ие. Аталған қадам қазақстандық университеттердің халықаралық беделінің артып келе жатқанын, білім мен ғылым сапасын бағалаудың жаһандық үдерістеріне белсенді түрде кірігіп отырғанын, сондай-ақ Seifullin University-дің академиялық ашықтық, тұрақты даму және ғылыми жетістік стандарттарын ілгерілетуге қосқан үлесінің халықаралық деңгейде мойындалғанын көрсетеді», - делінген С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
IREG академиялық рейтингтер саласында ұлттық және жаһандық рейтинг агенттіктерін, университеттерді, зерттеу орталықтарын және жоғары білім сапасын бағалау жөніндегі сарапшыларды біріктіретін жетекші халықаралық қауымдастық.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06