Солтүстік Қазақстанда «Nomads-AI» креатив орталығы ашылды
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының орталығы Явленка ауылында «Nomads-AI» креатив орталығы ашылды. Жаңа нысан заманауи технологиялар, білім беру және креативті индустрияларды біріктіретін орталыққа айналмақ. Коворкинг, робототехника, дрон, жасанды интеллектіні меңгеру, стартап жобаларды дамыту алаңы мен медиастудия іске қосылды. Кабинеттер заманауи жабдықтармен қамтылған. Жастармен жұмыс істеуге білікті мамандар тартылып отыр. Облыстың барлық аудандарында осы сынды креатив орталықтар ашу жоспарланған.
Махаббат Самырат, аудандық Ішкі саясат бөлімінің жетекшісі:
Стартап жобалар дейміз ғой, соларды және жасанды интеллектіге жастарды үйретеміз деп ойлаймыз. Жастарды қолдау мақсатында жақсы жағдайлар жасалған. Алдағы уақытта біздің жастарымыз, Есіл ауданының жастары жақсы-жақсы бір жобаларды жүзеге асырып, республика деңгейіне шығады деген үміттеміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06