Ұлттық компанияның атын жамылған алаяқтар көбейді
Алаяқтықтың тағы бір түрі пайда болды. «Қазатомөнеркәсіп» қызметкерінің атын жамылғандар тұрғындарға хабарласып, интернет арқылы инвестиция салып, жоғары табыс табуға болатынын айтып жүр. Полиция мұндай ұсыныстарға сенбеуге шақырады. Себебі алаяқтар көбіне жасанды интеллект көмегімен дайындалған бейнероликтер мен жарнамаларды пайдаланады. Онда танымал тұлғалардың бейнесі мен дауысы қолдан жасалып, ақпараттың шынайы екеніне барынша сендіреді. Киберполиция азаматтарды сақ болуға үндейді. Сондай-ақ ресми компаниялар инвестициялық ұсыныстарды әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таратпайтынын еске салады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06