Басты Жаңалықтар Жаңа жылдан бастап декларация тапсыру ережесі өзгереді

Жаңа жылдан бастап декларация тапсыру ережесі өзгереді

Жаңа жылдан бастап салық декларациясын тапсыру ережесі өзгереді. Енді салық төлеуші құжатты уақытында ұсынбаса, ақпараттық жүйе салық сомасы нөлге тең екенін көрсетпек. Ресми ақпаратқа сай, жаңашылдық шоттағы шығыс операциясын тоқтатуды және айыппұл салуды болдырмауға мүмкіндік береді. Яғни кәсіпкерлерді жазалау шарасы айтарлықтай жеңілдейді. Әкімшілік жауапкершілік тек Мемлекеттік кірістер органдары кіріс айналымын өздері анықтаған жағдайда ғана қолданылады. Сондай-ақ 1 қаңтардан бастап декларацияны автоматты түрде тапсыруға болады. Тағы айта кететін жайт, енді «салық есептілігін қайтарып алу» қызметі толықтай тоқтатылады. Сондықтан декларация жіберер алдында мәліметтің дұрыстығын мұқият тексерген жөн. Бұдан бөлек, салық есебін тапсыру мерзімі енді ұзартылмайды. Осыған орай салық төлеушілерге декларацияны уақытылы әзірлеп, мерзімінде тапсырған абзал.


Бөлісу