Басты Жаңалықтар Әлем жаңалықтарына шолу

Әлем жаңалықтарына шолу

Президент Дональд Трамп әкімшілігі АҚШ-тың 29 елдегі елшісін кері қайтарып жатыр. Ол дипломаттардың барлығы бұл қызметке Джо Байден тұсында тағайындалған.

Бүгін Мәскеуде көлік астына қойылған бомба жарылып, Ресей Қарулы күштері Бас штабының оперативтік дайындық басқармасының жетекшісі Фанил Сарваров қаза тапты. Ол – соңғы бір жылда өлтірілген үшінші ресейлік генерал.

Израиль үкіметі оккупацияланған Батыс жағалауда тағы 19 қоныс салу жоспарын мақұлдады. Болашақ Палестина мемлекетіне тиесілі территорияларда қазірдің өзінде 700 мыңдай еврей тұрып жатыр.

Түркия парламентінде үлкен төбелес шықты. Жанжалдың басталуына биліктегі Әділет және даму партиясы мен Республикалық халық партиясы мүшелерінің жаңа бюджет жобасына келісе алмауы себепші.

Болгария қаңтардың 1-де еуроға көшеді. Сондықтан қазір дүкен сөрелерінде тауарлардың бағасы жаңа валютамен көрсетіле бастады.


Бөлісу