Басты Жаңалықтар «Теңізшевройл» Жылыой ауданына әлеуметтік көмек көрсетті

«Теңізшевройл» Жылыой ауданына әлеуметтік көмек көрсетті

Жаңа жыл қарсаңында Атырау облысы Жылыой ауданына көлемді әлеуметтік көмек көрсетілді. «Теңізшевройл» компаниясы ауданға жалпы құны 1 миллиард 300 миллион теңгеден асатын арнайы техника мен медициналық құрал-жабдықты сыйға тартты.

Жылыой ауданының автопаркі биыл тағы 18 бірлік техникамен толықты. Олардың қатарында экскаватор, үлкен жүк көліктері және көше тазалайтын көпфункционалды коммуналдық машиналар бар. Сондай-ақ Жылыойда жаңа инклюзивті кабинет ашылды. Мұнда балалардың сөйлеу, қимыл-қозғалыс және қарым-қатынас дағдыларын дамытуға болады. Бұл олардың білім алуына сондай-ақ, қоғамға бейімделуіне де септігін тигізбек.

Нұрмұхамед Қартабаев, «Теңізшевройл» компаниясы үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері:

Теңізшевройл осы іске өзінің үлесін қосып отырғанына өте риза. Бұл тек жабдықтау ғана емес, ең алдымен балалардың қажетін түсініп, оларға дұрыс бағыт-бағдар беретін мамандарды даярлау бағытындағы жоба деп сенемін.

Орталықтағы әдістемелік-практикалық құралдар арқылы оқушылар айналаны танып-біліп, білімін жетілдіре алады. Инклюзияны қолдау кабинеттерінде педагог-психологтар, логопед-мұғалімдер ерекше балалардың кедергісіз білім алуына жағдай жасайды.

Сәуле Теменова, Жоба авторы:

Жылыой ауданының Құлсары қаласында 5 мектепте «Самұрық-Қазына» мен «Теңізшевройл» серіктестігі арқылы 10 кабинет ашылды. 

Сонымен бірге орталық аудандық ауруханағадонорлық плазмаферез аппараты және берілді. Жаңа құрал-жабдықтар тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартатыны анық. Жалпы «Теңізшевройл» жыл сайын аймақтың әлеуметтік инфрақұрылымын нығайтуға ат салысып келеді.

Бөлісу