Басты Жаңалықтар Стоматологиядағы бала өлімі: Анестезиологқа сот үкімі шықты

Стоматологиядағы бала өлімі: Анестезиологқа сот үкімі шықты

Астанадағы жеке меншік стоматологияда көз жұмған үш жасар Зеренің ісіне қатысты сот үкімі шықты. Сот айыпталушы анестезиолог-дәрігер Аида Жұмағалиеваны кәсіби міндетін дұрыс атқармағаны және абайсызда адам өліміне себепкер болғаны үшін кінәлі деп таныды. Оған 2 жылға бас бостандығынан айыру және 3 жыл бойы медицина саласында жұмыс істеуге тыйым салу жазасы тағайындалды. Алайда Конституцияның 30 жылдығына байланысты жарияланған рақымшылыққа ілініп, дәрігер негізгі жазадан босатылды. Яғни дәрігер жазасын колонияда өтемейді, бірақ 3 жылға медицина саласында қызмет ету құқығынан айырылады. Еске салсақ, қайғылы жағдай былтыр 30 қазанда болған. Зеренің 18 тісін емдеу үшін оған «Севоран» наркозы салынған. Бірақ бала сол күйі оянбай, қайтыс болды.


 


Бөлісу