ШҚО-да қарлы бұрқасын соғады
- Шығыста соңғы 2-3 тәулікте ауа райы құбылып тұр. Өткен түнде өңірдің солтүстік аудандарында термометр бағанасы 30-32 градусқа дейін төмендеді. Сондықтан бүгін Алтай ауданындағы бастауыш сыныптар сабақты онлайн оқыды. Ал Өскеменнің көшелері көктайғақ. Желтоқсанның бірінен бері қаладағы ауруханалардың травматология бөліміне түрлі жарақатпен 1030 науқас түскен. Аймақтағы ауа райына қатысты ахуалды әріптесім Олжас Керейханнан білсек?Олжас Керейхан, тілші:
Күн райын болжау орталығының мамандарының мәліметі аса көңіл көншітпейді. Дегенмен биылғы күн мен түн теңелген тәулікте шығыста аяз қаһарына мінген. Ал түске қарай аяз қайтты. Оған дәлел міне мен тікелей эфирде бас киімсіз тұрмын. Дәл қазір Өскеменнің өзінде -9-10 градус ғана аяз. Өткен түнде қарлы боран болғандықтан республикалық бағыттағы 3, облыстық маңыздағы 2 автокөлік жолы жабылған болатын. Тек бүгін түстен кейін ашылды. Қазір барлық бағыт ашық. Дегенмен «Қазгидромет» мамандарының айтуынша, ертең-бүрсігүні оңтүстік-батыста жаяу бұрқасын жүрсе, солтүстік аудандарда қатты боран соғады. Тіпті кейбір таулы аумақтарда желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ал Өскеменде таңертең кешке тұман түседі. Бірақ өскемендіктер тұман емес, көктайғақтан қорқып отыр. Тек желтоқсан айында көшеде 700-ге жуық адам мертіксе, тағы 34 балаға медициналық көмек көрсетілген. Дәрігерлер, әсіресе соңғы 10 тәулікте жарақат алғандардың саны тым көбейіп кеткенін айтады. Себебі Өскеменде бір апта бұрын жаңбыр жауып, одан соң аяз болған. Сондықтан көшелердің көбі мұз. Дегенмен қала тазалығына жауапты мекеме көшеге көктайғаққа қарсы арнайы инертті материал мен құм сеуіп жатыр. Ал дәрігерлер халыққа мүмкіндігінше таймайтын аяқ киім киюге кеңес береді. Тіпті жасы үлкен адамдарға таяқпен жүруді ескертеді.
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылорда облысында әлеуметтік көмек алушылар саны азайды
22.12.2025, 20:58
Шымкентте жаңа екі өндіріс орны жұмысын бастады
22.12.2025, 20:54
Қызылорда облысында электр желілері мен станциялар жаңарып келеді
22.12.2025, 20:52
«Теңізшевройл» Жылыой ауданына әлеуметтік көмек көрсетті
22.12.2025, 20:43
Семейде оқушылар сарайы ашылды
22.12.2025, 20:40
«Жыл адамы»: Қазақстандықтардың таңдауы — Қ.Тоқаев пен Димаш
22.12.2025, 20:38
Еңбек адамының құқығын қорғау жүйесі күшейтіледі
22.12.2025, 20:37
2 млн 524 мың адам зейнетақы алды
22.12.2025, 20:10