ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуі өтті
Президент ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты. Жиында Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Владимир Путин, Никол Пашинян, Александр Лукашенко, Садыр Жапаров пен Эмомали Рахмон және Сердар Бердімұхамедов пен Шавкат Мирзиёев болды. ТМД басшылары өзара ынтымақтастықтың негізгі даму бағдары мен қадамдарын талқылады. Сондай-ақ Ұйым аясындағы ықпалдастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Президент Владимир Путинмен жеке кездесті
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Владимир Путинмен жеке кездесу өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей азаматтарының күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қатысты мәселелерде бірге әрекет етуге шақырды. Ынтымақтастығымыз бен стратегиялық серіктестігімізді нығайтуға бағытталған ортақ жұмысымыз қос халықтың түпкі мүддесіне сай келеді, - деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Жаңа жыл қарсаңында дәстүрге айналған Петербургтегі кездесуіміз мазмұнды өтті. Біз ЕАЭО қызметіне қатысты бірқатар мәселені қарастырып, шешімдер қабылдадық. ТМД форматы аясындағы ықпалдастықтың аса маңызды, өзекті мәселелері талқыланды. ТМД – беделді әрі заман талабына сай халықаралық ұйым. Биыл өзара ынтымақтастығымыз табысты болғаны сөзсіз. Екіжақты қарым-қатынас қарқынды дамып келеді. 12 қарашада Ресейге жасаған мемлекеттік сапарым өте нәтижелі өтті. Сол сапар барысында қонақжайлық танытқаныңыз үшін Сізге ризашылығымды білдіремін. Қазақстан Ресеймен стратегиялық серіктестік және одақтастық байланыстарға ерекше мән береді.
Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:
Біз кешеден бері біраз жұмыс атқардық. Бүгінгі бейресми кездесу барысында ҰҚШҰ, ТМД аясындағы қызметімізді және екіжақты ынтымақтастық жағдайын талқыладық. Дегенмен Сізбен Қазақстан және Ресей арасындағы өзара байланыстардың басым бағыттарын дамыту үшін арнайы кездескеніме қуаныштымын. Менің ойымша, барлық сала оң қарқынмен алға ілгерілеп келеді. Екі ел арасында шешілмеген немесе түйткілді мәселе жоқ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы