Тараз бен Оралда «Келешек мектептері» ашылды
Тараз қаласында 600 балаға арналған «Келешек мектебі» ашылды.
Білім ошағы осы жоба аясында аймақта ашылған жетінші нысан саналады. Осылайша Шөлдала тұрғын алабындағы орын тапшылығы түбегейлі жойылды. Бұған дейін 3 мектебі болғанына қарамастан мыңға жуық орын жетіспейтін. Ал жаңа мектепте заманауи зертханалар, кітапхана, шеберхана, хореография бөлмелері мен робототехника үйірмесі бар. Сондай-ақ бірнеше спорт залы, арнайы демалыс орны мен коворкинг орталығымен қамтылған. Айта кетейік, биыл қалада 4,5 млрд теңгеге 5 мектеп күрделі жөнделіп, 3 білім ошағына жапсарлас нысан салынды.
Әйгерім Алтынбаева, қалалық Білім бөлімінің басшысы:
760 бала қабылданып отыр. Тағы қосымша 150 бала осы мектепте жайғасатын болады. 21-ғасыр дағдыларын меңгеруге, оқушыларға сапалы білім саналы тәрбие алуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолайлы қолдануға барлық мемлекет балаларға үлкен жағдай жасап отыр.
Оралда Зачаган кентінде «Келешек мектептері» ұлттық
жобасының аясында жаңа білім ордасы ашылды. 600 орындық білім ұясы заман талабына
сай құрал-жабдықпен қамтылған. Барлық 33 кабинет түгелдей интерактивті тақталармен
жабдықталған. Әсіресе жеткіншектердің шығармашылығын дамытуға бағытталған STEM,
робототехника, визуалды дизайн, хореография сияқты кабинеттерді ерекеше атап өтуге
болады. Мектепте ерекше білімді қажет ететін оқушыларға арналған инклюзивті
кабинет жұмыс істейді. Бұған қоса екі спорт залы, бірнеше шеберхана, 130 орындық
акт залы, коворкинг алаңдар және соңғы үлгідегі кітапхана да бар. Жаңа мектепте
кенттегі үш ауысымды білім ұясынан көшірілген 1300-ге жуық бала білім алмақ.
Гүлнұр Бақытжанова, мектеп директоры:
Әрбір шеберхананың өзі балалардың болашақ мамандықтарын таңдауға, ғылыми жұмыстармен айналысуға, әртүрлі жобалар жасауға үлкен мүмкіндік береді. Біз осы мектептен саналы ұрпақ тәрбиелейміз және олар Қазақстанның үлкен азаматтары болады деген сенімдеміз.
Данияр Әлімқұл
Ардақ Мұратқызы
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06