Басты Жаңалықтар Алматы әлемдегі ең үздік 25 туристік бағыттың тізіміне енді

Алматы әлемдегі ең үздік 25 туристік бағыттың тізіміне енді

Қазақстан әлемдік туристік картадағы өз позициясын нығайтып келеді. Беделді халықаралық Bloomberg басылымы Алматы қаласын 2026 жылы баруға тұрарлық әлемдегі ең үздік 25 туристік бағыттың тізіміне енгізді. Bloomberg шаһардың туристік тартымдылығының тұрақты өсімін және оның жыл бойы сұранысқа ие бағыт екеніне назар аударған. «Бұл – еліміздің халықаралық деңгейдегі мойындалғаны және қаланың танымалдығын арттыру бойынша Visit Almaty жұмысының нәтижесі. Соңғы жылдары елдің жаһандық туристік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігі артып, халықаралық аудиторияның Қазақстанға қызығушылығының артқанын растайды», - дейді «Kazakh Tourism» өкілдері. Биыл 9 айда Алматыға 2,5 миллион адам келіп, рекордтық көрсеткішке жеткен. Айта кетсек, Bloomberg-тің жыл сайынғы рейтингі туристік трендтерді сараптау және сала жаңалықтарын сарапшылармен талдау негізінде жасалады.

Бөлісу