Тоқаев, Димаш және ЖИ: Қазақстандықтар жылдың басты адамы мен жыл сөзін анықтады
- Ұлттық талдау орталығы 2025 жылдың қорытындысы бойынша елдің басты тұлғалары, мәдени жетістіктері және жылдың негізгі ассоциациялары тақырыптарында сауалнама жүргізді. Бұл көрсеткіштер қоғамның елдегі оң өзгерістерге сенімін және белсенділігін көрсетеді.
Зерттеу қорытындысы бойынша, «Жыл адамы» деп кімді санайсыз деген сұраққа жауап берген азаматтардың арасында Қасым-Жомарт Тоқаев көш бастады.
Одан кейін аталғандар:
● «Қайрат» футбол клубының ойыншылары
● Геннадий Головкин
● Димаш Құдайберген
● фельдшер Ұлдана Мырзуан
● Алматы әуежайында кепілге алынған әйелді құтқарған Мұса Әбдірайым.
Сауалнамаға қатысқандар Қазақстан үшін жыл сөздері ретінде мына сөздерді таңдаған:
● Даму
● Цифрландыру
● Жасанды интеллект
● Табысты
● Жаңару
● Бірлік.
Сауалнамада Жақсару, Тұрақтылық, Сенім, Бейбітшілік, Сенімділік, Әділеттілік сынды позитив сөздер де аталған. Ал қиындық пен сынға қатысты сөздер Қиын, Дағдарыс, Тоқырау аз кездескен.
Сондай-ақ жылдың ең танымал киносы анықталып, отбасы, әділеттілік пен әлеуметтік жауапкершілік тақырыптарын қозғайтын туындылар жоғары бағаланған:
● «Ауру»
● «Ыстық ұя»
● «Патруль. Соңғы бұйрық»
● «Офсайд»
Ал Қазақстандықтардың 89%-ы Жаңа жылды дәстүрлі түрде үйде, отбасы ортасында қарсы алуды жоспарлап отыр.
«Бұл қазақстандықтардың отбасы құндылықтарына берік екенін және Жаңа жылды отбасының дастарханы төңірегінде қарсы алу дәстүрін сақтайтынын көрсетеді», - делінген хабарламада.
Назарбаев Университеті жанындағы қолданбалы зерттеулер және стратегиялық талдаумен айналысатын Ұлттық талдау орталығы жүргізген сауалнама қорытындысы осындай.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балалар спортына бөлінетін қаржы көлемі көбейеді
02.03.2026, 20:58
Роботтар неміс делегациясына шоу көрсетті
02.03.2026, 20:57
«Таза Қазақстан» экоакциясы жалғасып жатыр
02.03.2026, 20:38
Жаңа Конституция жобасы – әділетті қоғамның кепілі
02.03.2026, 20:18
Президент жаңа Конституция жобасының мәтінімен жеке өзі жұмыс істеген
02.03.2026, 20:16
Жаңа Конституция жобасы - халықтық құжат
02.03.2026, 20:13
Маңғыстау облысында ауызсу мәселесі толық шешілді
02.03.2026, 20:11
Жаңа Конституция жастардың әлеуетін ашуға мүмкіндік береді
02.03.2026, 20:10