Басты Жаңалықтар Өскеменде көктайғақтан мыңнан аса адам зардап шекті

Өскеменде көктайғақтан мыңнан аса адам зардап шекті

Желтоқсанның бірінен бері Өскемендегі ауруханалардың травматология бөліміне түрлі жарақатпен 1030 науқас түскен. 638 адам көшедегі көктайғақтың кесірінен аяқ-қолын сындырған. Сырғанақ пен жаяу жүргіншілер жолындағы тайғақтан зардап шеккен 34 балаға облыстық ана мен бала орталығында медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлер әсіресе соңғы 10 тәулікте жарақат алғандардың саны тым көбейіп кеткенін айтады. Себебі Өскеменде бір апта бұрын жаңбыр жауып, одан соң аяз болған. Сондықтан көшелердің көбі аяқ алып жүргісіз. Дегенмен қала тазалығына жауапты мекеме көшеге көктайғаққа қарсы арнайы инертті материалдарды пайдаланып жатыр. Ал дәрігерлер халыққа мүмкіндігінше таймайтын аяқ киім киюге кеңес береді. Ал жасы үлкен адамдарға таяқпен жүруді ескертеді.

Бөлісу