Газада гуманитарлық жағдай нашарлады
Газа секторында гуманитарлық жағдай ушықты. Жергілікті дереккөздердің мәліметінше, Израиль күштері әуеден шабуылдаған. Бейбіт тұрғындар қаза тапты. Қазан айында бітім жасалғалы 400 палестиналық оққа ұшқан. Израиль тарапы болса, шабуыл фактілері тергеліп жатқанын мәлімдеді. Оның үстіне жеңіл палаткаларда тұрып жатқан газалықтардың жағдайын суық ауа райы қиындатты. Тағы бір мәліметке сай, Израильдің қауіпсіздік министрлігі оккупацияланған Батыс жағалауда 19 жаңа баспана салуды құптады. Соңғы үш жылда мұндай нысандардың саны 69-ға жеткен. Көптеген мемлекет Израильдің бұл әрекетін халықаралық құқыққа қайшы деп есептейді.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06