Ресей мен АҚШ арасында Украина соғысын тоқтатуға қатысты келіссөз өтті
Майамиде АҚШ пен Ресей делегаттары кездесіп, Украинадағы соғысты тоқтату мәселелерін талқылады. Жиын екі күнге созылған. АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткоффтың мәлімдеуінше, келіссөз нәтижелі және конструктивті өткен. Уиткофф Ресей бұрынғысынша Украинада бейбітшілікке қол жеткізуге ниетті екенін айтты. Америкалық және ресейлік тараптың ешқайсысы да келіссөздің мән-жайына тоқталмады. Мұның алдында Майамиде АҚШ пен Украина делегаттары кездескен еді. Сол кезде де Уиткофф Киев бейбітшілікке жетуді көздейді деп мәлімдеген еді.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06