Басты Жаңалықтар Жазушылар одағы жылды қорытындылады

Жазушылар одағы жылды қорытындылады

Қазақстан Жазушылар одағы жылды қорытындылады. Жиналғандар өткенді екшеп, болашаққа бағдар жасады. Сондай-ақ отырыста «Түркі әлемінің әдебиеті» жобасы бойынша жарық көрген 4 жаңа кітаптың, «Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шыққан Қадыр Мырза Әлі мен Тұманбай Молдағалиевтің кітаптары, сондай-ақ «Жаңа Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы» жобасы аясында жарық көрген жас қаламгерлердің 20 жаңа кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Шараға еліміздің белгілі ақын-жазушылары, әдебиеттанушылар мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Сонымен қатар Қырғызстанның Мемлекеттік хатшысы Арслан Қойчиев те шараның құрметті мейманы болды.

Арслан Қойчиев, Қырғыз Республикасының мемлекеттік хатшысы:

Екі жылдан бері біздің қазақ бауырларымыз менің «Тұқым құрт» романымды аударып, сәті бүгін түсті. Тұсаукесерін қазір бастаймыз. Кітабымның қазақ тіліне аударылуы - мен үшін маңызды және өте қуанышты оқиға.

Мереке Құлкенов, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы:

Қазақ поэзиясының 3 алыбы биыл 90-ға келіп жатыр. Ол Қадыр Мырза Әлі, Тұманбай Молдағалиев, Жұмекен Нәжімеденов. Бүгін Қадыр Мырза Әлінің «Иірім» деген кітабын, Тұманбай Молдағалиевтің жыр жинағының тұсауын кесеміз.


Бөлісу