Жамбыл облысы Сарыкемер ауылында жаңа спорт кешені ашылды
Жамбыл облысы Сарыкемер ауылында жаңа спорт кешені ашылды. Заманауи спорттық сауықтыру ғимаратының аумағы мың шаршы метрден асады. Нысанда футбол, волейбол, баскетбол және стол теннисі үйірмесі жұмыс істейді. Сондай-ақ арнайы жаттығу залы да бар. Кешен құрылысына Ұлттық қор мен облыстық бюджеттен 302 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Жалпы, бүгінде Байзақ ауданында 208 спорттық инфрақұрылым, 45 шағын футбол алаңы жұмыс істеп тұр. Осындай әлеуметтік нысандар ашылуының нәтижесінде ауданда бұқаралық спортпен айналысатындардың саны жылдан жылға өсіп келеді.
Бақтияр Ақбаев, Байзақ аудандық мәслихатының төрағасы:
Егер де Сарыкемер ауылы халқының санын 30 мыңнан астам деп есептесек, бұл жаңағы біздің Сарыкемер ауылы жастарының спортпен айналысуына үлкен бір жақсы көрсеткіш болады деп ойлаймын. Байзақ ауданында қазіргі таңда бұқаралық спортпен айналысудың көрсеткіші 42 пайызға жетіп отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06