Түркияда АЭС 2026 жылы іске қосылады
Түркияның Мерсин аймағында құрылысы жүріп жатқан тұңғыш атом электр станциясының іске қосылуы тағы да кейінге қалды. АЭС-тің бірінші реакторының ашылуы осымен үшінші рет шегеріліп отыр. 2018 жылдан бері ресейлік «Росатом» компаниясы тарапынан салынып жатқан «Аккую» электр станциясының бірінші реакторы 2023 жылы ашылуы тиіс еді. Әйтсе де Ресейге салынған санкциялардан кей құрал-жабдықтар уақытылы жеткізілмегендіктен, алғашқы электр қуатын беру 2025 жылға шегерілген болатын. Алайда өткен аптада «Аккую Нуклеер» компаниясының басқарма төрағасы Антон Дедусенко реактордың іске қосылуы 2026 жылға қалғанын айтты. Дегенмен мамандар бірінші реактор құрылысының толық біткенін, қазір тек сынақтан өтіп жатқанын айтып отыр. «Аккую» атом электр станциясының 4 реакторы жоспар бойынша 2028 жылы толық қуатында іске қосылуы тиіс.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы