Басты Жаңалықтар 72 колледждің техникалық базасы толық жаңартылды

72 колледждің техникалық базасы толық жаңартылды

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ел бойынша 72 колледждің материалдық-техникалық базасы толық жаңартылды. Сондай-ақ арнаулы орта білім ұйымдарындағы шефтік қамқорлық 10 есе артқан. Яғни кәсіпорындар кадрды сырттан іздемей, өзіне керек маманды колледжбен бірге дайындайды. Соның арқасында 100 мыңнан астам студент нақты практикалық қарым-қабылетін шыңдай алады. Халықаралық бағытта да айтарлықтай серпін бар. Бүгінде 30-ға жуық елмен 60-қа жуық Қазақстандық колледж тікелей серіктестік орнатып, бірлескен білім беру бағдарламаларын іске қосты. Сәйкесінше педагогтер мен студенттер үшін шетелдік тәжірибе алу мүмкіндіктері кеңейді. Сарапшылардың пікірінше, бұл қадамдар ел экономикасын ілгерілетуге септеседі.
Санжар Тәтібеков, ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Talap» КЕАҚ президенті:
Еңбек адамының беделін арттыруға, адами капиталды дамытуға, кәсіп-техникалық білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеруге біршама жұмыстар атқарылды десек болады. Бұл арқылы  жастарды еңбекпен биікке жет деген жаңа мәдениетті қалыптастыруға бастама ретінде жақсы дүние болды десекте болады.

Бөлісу