Басты Жаңалықтар Әлем жаңалықтарына шолу

Әлем жаңалықтарына шолу

Еуропа Одағы елдері Украинаға 90 млрд еуро пайызсыз несие бөлуге уағдаласты. Бұл көмек алдағы екі жылда Украинаның әскери және бюджеттік қажеттіліктеріне жұмсалмақ. Киевке 2026-2027 жылдары 135 млрд еуро қажет болады.

АҚШ президенті Дональд Трамп грин-картаны ұтысқа салу бағдарламасын уақытша тоқтатты. Мұндай шешім Браун университетінде болған атыстан кейін қабылданған. Шабуыл жасады деген күдікке алынған Португалия азаматы Невеш Валент Америкаға осы бағдарлама арқылы барған.

Ресей президенті Владимир Путин жыл сайынғы дәстүрлі баспасөз мәслихатын өткізді. Тікелей желі 4 сағат 28 минутқа созылған. Кей ақпарат көздерінің хабарлауынша, түскен сауалдардың саны 2 млн-нан асқан.

Газа секторында азық-түлік тапшылығы жоқ. БҰҰ-на қарасты Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының өкілдері осылай деп мәлімдеді. Бұл ақпаратқа сай, палестиналық анклав тұрғындары күніне бұрынғыдай бір мәрте емес, екі мәрте тамақ жейді. Дегенмен ұйым Газа тұрғындары қиын жағдайда өмір сүріп жатқанын жоққа шығармайды.

Италияда Қысқы олимпиаданың алау эстафетасы Сицилия аралының Катания қаласына жетті. Факел 12 мың шақырым жүріп, елдің 110 провинциясындағы 60 қаладан өтуі керек. Миланда Ақ олимпиада ақпанның 6-да басталып, 22-де аяқталады.


Бөлісу