Астанада бірқатар вокзалда құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Еліміздің бірқатар вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Барлық нысанда ішкі әрлеу, шатыр жабу, қасбеттерді жаңарту және инженерлік желілер орнатылып біткен. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының өкілдері хабарлады. Айта кету керек, кұрылыс барысында қолданылған материалдарың барлығы Қазақстанда жасалған.
30-40 жыл бойы жөнделмеген нысандар қайта жаңарды. Жақында
еліміздің 7 өңірде орналасқан 9 теміржол станциясы қолданысқа беріледі. Қазір
объектілерде соңғы тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Болат Амандосов, «Жарқын құрылыс» ЖШС қызметкері:
Бурабай курортының станциясында күрделі жөндеу жұмыстары жүгізіліп жатыр. Қасбетін жаңарту 90 пайызға аяқталды. Ғимарат қазірдің өзінде 100 пайыз дайын. Қазір тек ішкі жұмыстары ғана қалды. Біз жылу жүйелерін толық жүргізіп бітірдік. Есіктер мен терезелерді орнатып аяқтадық.
Жаңадан ашылатын вокзалдарда барлық жолаушыға қолайлы жағдай жасалаған. Қауіпсіздік талаптарына да ерекше мән берілді, дейді компания өкілі.
Марат Искалиев, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Құрылыс жөніндегі басқарушы директоры:
Сонымен қатар, тағы 37 нысандағы жұмыстар аяқталу сатысында. Жұмыстар вокзал алаңын кеңейтуге, инженерлік желілерді жаңғыртуға және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған. Дыбыстық байланыс, мәдени бақылау, дабыл беру және өрт дабылы жүйелері жаңғыртылуда.
Сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» вокзалдарды жаңғырту жұмыстарын алдағы уақытта да жалғасатырмақ. Теміржол вокзалдарды кешенді жаңғырту аймақтардағы көлік инфрақұрылымын дамытуға ерекше ықпал етпек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы