ШҚО-да қар көшкіні жүретін 500-ге жуық аумақ бар
Елімізде қар көшкіні жүретін 800-ге жуық аумақ болса, оның 500-ге жуық ошағы шығыста. «Қазселденқорғау» мекемесінің мәліметі бойынша, Іле Алтауы мен Алтай тауының бөктері өте қауіпті саналады. Сондықтан арнайы мамандар қарашадан бастап сәуірге дейін арнайы жарылыс жасап қарды түсіріп отырады. Автокөлік жолы өтетін тау арасы мен елді мекендер қоныстанған аумақтарға қар өлшейтін тақтайшалар орнатып, үнемі бақылауда ұстайды. Ал қысқы спорт түрімен шұғылданатын туристер мен тауға саяхаттайтындарға қауіпсіздік ережесі ескертіледі. Тауға шығарда жарық шағылысатын арнайы киім киюді және арқан, жеңіл күрек, қол шам сияқты заттар жанында болуы шарт.
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06