Қонаев қаласында медициналық университет салынады
Алматы облысының Қонаев қаласында медициналық университет салынады. Қазір барлық тиісті құжат дайын. Жоғары оқу орнын салу үшін Қапшағай су қоймасының жағалауына жақын жерден 100 гектар жер бөлінген. Инвестиция көлемі – 3 млрд АҚШ доллары. Кешеннің жалпы аумағы 1 млн 300 мың шаршы метрден асады. Жобаны іске асыратын үнділік компания өкілдерінің айтуынша, құрылыс жұмыстары 5 жылға созылады. Университет жанында 1000 орындық емхана, аурухана, ғылыми-зерттеу орталығы, мектеп, балабақша және қонақ үй салынады. Сондай-ақ 8 мыңнан аса жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.
Шайлеш Лачу Хиранандани, инвестор:
Біз бұған дейін бірнеше мемлекетте болдық. Соның ішінде Қазақстанның инвесторларға деген ұстанымы көңілімізден шықты. Оқу орны қаладан алыстау болғаны жақсы. Осының бәрін ескере келе, таңдауымыз Қонаев қаласына түсті. Сол жерге инвестиция салатын болып шештік. Құрылыс келер жылдың қаңтар айында басталады.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06