Павлодар облысына ₸1 трлн инвестиция тартылған
Биыл Павлодар облысына 1 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды. Бұл – былтырмен салыстырғанда 1,5 есе көп. Осы нәтижемен өңір ел бойынша инвестиция тарту жағынан 2-орынға шықты. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:
11 айдың нәтижелері тұрақты өсімге ие. Өңірге 1 трлн-нан астам инвестиция тарттық. Тартылған инвестициялық қаражаттың 80% пайыздан астамы жеке сектордыкі.
Қазір өңірде 102 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Жалпы құны 7,3 триллион теңге. Нәтижесінде 15 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылмақ. Облыс орталығында алғашқы заманауи қоқыс сұрыптау кешені бой көтеруде. Мұнда пластик, металл, қағаз және шыны қайта өңделеді. Жобаның жалпы инвестициясы 4.8 млрд теңге, қуаты 150 мың тонна. Бұл кешенді келесі жылдың мамырында іске қосу көзделген.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматы облысында «Байсерке аспаны – 2026» авиашоуы өтеді
12.08.2026, 20:41
Ерекше балаларды қолдауға арналған кабинеттер саны артып келеді
12.08.2026, 20:36
Қазақстанда 14-35 жас аралығында 6 млн-нан астам азамат бар
12.08.2026, 20:33
Министрлік: eGov жүйесі бұзылған жоқ
12.08.2026, 20:31
2029 жылға дейін коммуналдық саланың 60%-ы жаңарады
12.08.2026, 20:29
Сайлау – саяси дамудың жаңа кезеңі
12.08.2026, 20:25
Түркияда Құрылтай сайлауына дайындық қызу жүріп жатыр
12.08.2026, 20:08
Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
12.08.2026, 20:07