Ақмола облысында қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кескен
Еліміз бойынша «Шырша» жедел алдын алу шарасы басталды. Ақмола облысында табиғатты қорғау полициясы сауда орындары мен көшелерде қылқан жапырақты ағашты саудалаған кәсіпкерлердің рұқсат құжаттарын жаппай тексеріп жатыр. Елімізде бұл ағаштарды кесуге тыйым салынғандықтан, сатылымға шыршалар шетелден тасымалданады.
Ерболат Хұсайынов, облыстық Полиция департаменті қоғамдық
қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары:
Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу жою немесе зақымдау үшін ҚР әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 381- бабына сәйкес әкімшілік және ҚР қылмыстық кодексінің 340-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылық көзделген. Ол жеке тұлғаларға 50 АЕК және заңды тұлғаларға 500 АЕК айыппұл көзделген.
Жыл басынан облыс аумағында қылқан жапырақты ағаштарды
заңсыз кескен 6 дерек тіркелген. Ал, бір түп шыршаны кескені үшін 15 айлық
есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған. Жаңа жыл қарсаңында
«Көкшетау» ұлттық табиғи паркінің мемлекеттік инспекторлары да рейдтік шараны
күшейтті.
Ерлан Шопаев, «Көкшетау» ұлттық табиғи паркінің жыланды
орманшылығының басшысы:
Шырша ағаштарын қорғау жұмыстары жүріп жатыр. Сол себептен 9 стационарлық пост, 24 мобильді топтар, яғни, автокөлікпен күзет жүргізіп жатырмыз. Биыл бізде Зеренді филиалында 10 га көлемінде көшеттер отырғызылды, кәдімгі қарағайдың. Жылда көбейіп келеді, отырғызып жатырмыз, өсіп келеді ағаштар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы