Қызылордада көне вокзал ғимараты жөнделіп жатыр
Қызылорда облысында ең көне вокзал ғимараты жөнделіп жатыр. Қазалы теміржол станциясы сонау 1905 жылы салынған. Ғасырдан аса уақыт өткен ғимараттың әбден тозығы жеткен. Биыл мемлекет қорғауындағы нысанның сыртқы келбеті мәрмар таспен қапталып, төбе жабындысы қайта жаңғыртылды. Сондай-ақ, вокзал аумағы абаттандырылып, тұрғындар үшін жаңа демалыс аллеясы ашылмақ. Ал Әйтеке би кентін екіге бөліп тұрған шойынжолдың үстінен жаяу жүргіншілер өткелі салынуда. Мердігер мекеме маңызды жобаны межелі мерзімінде аяқтауға уәде етіп отыр.
Қайырбек Тайшыбаев, учаске басшысы:
Қазіргі уақытта 90 жұмыстары жасалды. Қазіргі кезде ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Ендігі кезекте ішкі жиһаздары, қондырғыларын қазір күтудеміз.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06