Қазақстандықтар Түркиядан ең көп үй алғандар қатарында
Қазақстандықтар 2025 жылы Түркиядан ең көп баспана алған 10 елдің қатарында. Жыл басынан бері отандастарымыз түрік елінен 600-ден аса пәтер сатып алған. Мұндай мәліметті Түркияның мемлекеттік статистика басқармасы таратты. Ақпаратқа сай қазақстандықтар үйді негізінен Анталия, Ыстанбұл және Мерсин қалаларынан алыпты. Ал Түркиядан ең көп үй алған елдердің көшбасында Ресей тұр. Көрші елдің азаматтары 2025 жылы Анадолыдан үш мыңнан аса пәтер алған. Одан кейінгі орындарда кезегімен Иран және Украина азаматтары. Жалпы Түркия 2025 жылы шетелдіктерге 20 мыңға жуық пәтер сатқан. Қазақстан азаматтарының Түркиядан баспана алу тенденциясы пандемия тұсында басталды. Мамандар «бұған баспана бағасының төмен болуы әсер етті»,- дейді.
Қазақстандықтар ең көп үй алған қалалар:
Анталия
Ыстанбұл
Мерсин
2025жылы Түркиядан баспана алған шетелдіктер:
1. Ресей Федерациясы – 3 145 пәтер
2. Иран – 1
646 пәтер
3. Украина – 1 348 пәтер
7. Қазақстан – 601 пәтер
Шетелдіктер
сатып алған пәтерлердің жалпы саны – 19 117
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы