«Таза Маңғыстау» экочелленджі қорытындыланды
Маңғыстауда «Таза Маңғыстау» атты 45 күндік әлеуметтік-экологиялық челленджіне атсалысқан тұрғындар мен ұжымдар марапатталды. Шара Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылып, 2 мыңға жуық тұрғын атсалысты. Экологиялық челенджде тұрғындар мен еңбек ұжымдары ағаш отырғызып, айналаны тазалады, қалдықтарды сұрыптап 45 күн бойы белсенділік танытты. Сондай-ақ олар жұмыстарын күнделікті әлеуметтік желілерде жариялап отырды. Акцияға облыс бойынша 77 команда, 2 мыңға жуық адам қатысты.
Нұрдәулет Қилыбай, Маңғыстау облысының әкімі:
Бұл расында да Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың инициативасымен басталған «Таза Қазақстан» деген үлкен науқан, үлкен мәдениеттің бастамасы. Бір қуантатаны әр саладан оқушылар болсын, студенттер болсын, жұмысшылар болсын әр саладан осыған белсенді түрде қатысты.
Салтанатты шарада экологиялық акцияға белсенді қатысқандар мен «Үздік аула»,
«Үздік бизнес-аумақ», «Үздік кіреберіс», «Үздік аула сыпырушы» байқауларының
жеңімпаздары марапатталды.
Кирилл Осин, «Эко Маңғыстау» ҮЕҰ директоры:
Жекелеген тұрғындар арасынан 3 адам жеңімпаз атанып, бірінші орынған 1 млн теңгенің сертификаты берілді. Ал үздік ұжым 2,5 млн теңге ұтты. Сонымен қатар, үздік аула сыпырушы 4 адамға қаржылай сыйлық табыстадық. Су мен электр энергияны үнемдеудің жолдарын көрсетіп, атсалысқан тұрғындар да назардан тыс қалмады.
Облыста «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жыл басынан бері 31 мыңға
жуық ағаш отырғызылып, 39 мың тонна қоқыс шығарылған. Бұл жұмыстарға 130 мыңнан
астам адам атсалысты.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Суару маусымы аяқталуға жақын: Шаруаларға қанша көлемде су берілді?
12.09.2026, 17:51
Қазақстан делегациясы Халықаралық ғарыш саммитіне қатысып жатыр
12.09.2026, 10:08
Өтінімдердің 30%-ын eGov GPT өңдейді
11.09.2026, 20:31
Азиада: Қазақстан туын Е.Сметов пен С.Миркадирова ұстап шығады
11.09.2026, 20:30
Елена Рыбакина US OPEN финалына жолдама алды
11.09.2026, 20:24
«Таза Қазақстан» акциясы аясында эко-квест өтті
11.09.2026, 20:22
ШҚО-да спорт кешені мен жатақхана пайдалануға берілді
11.09.2026, 20:20
Ағза ауыстыру бойынша 100 операция жасалды
11.09.2026, 20:19