Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрына академиялық мәртебе берілді
Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрына академиялық мәртебе берілді. Салтанатты шараға облыс әкімі және өнер майталмандары қатысып, театр саңлағы Бикен Римованың бюстіне гүл шоқтарын қойды. Жарты ғасырлық тарихы бар өнер ордасының сахнасында бүгінге дейін 200-ден астам қойылым қойылған. Репертуарында 30-ға жуық спектакль бар. Көрермен саны да 100 мыңға жетті. Қазақ және әлем классиктерінің шығармалары көрермен тарапынан жоғары бағаланып келеді. Мемлекет басшысының бастамасымен академиялық мәртебенің берілуі – театр ұжымының көпжылдық еңбегіне көрсетілген үлкен құрмет дейді өнер ұжымы. Сағындық Жұмаділ, Б.Римова атындағы академиялық драма театрдың көркемдік жетекшісі:
Құрметті жерлестер. Өздеріңіздің сүйікті театрларыңыз академиялық мәртебе алып жатыр. Осы қуанышымызды бөлісіп, бізді құттықтап жатқандарыңызға мың да бір алғыс. Енді біздің ұжым үшін бұл үлкен жауапкершілік. Осы бір 50 жылда академиялық мәртебеге жетіп жататын болсақ, кейінгі 50 жылда «Ұлт театры» атауын алсақ па деген жастарға аманатымыз бар.
Автор
Дамир Нұрмұхамет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06