АҚШ-та бауырсақ пен балқаймақ таныла бастады
Америкалықтар қазақтың бауырсағы мен балқаймағын күнделікті таңғы асқа тұтынып жүр. Қазақстандық отбасы Хьюстон қаласынан дәмхана ашып, мәзірге ұлттық тағамдарды қосып, кәсібін дөңгелетіп отыр.
Америкалықтар әдетте таңғы асты тойып ішпейтін халық. Оның орнына тек ғана кофе тұтынады. Бірақ осы кофехананың тұрақты клиенттерінің талғамы өзгере бастаған.
Мен тура тас жолдың арғы бетінде тұрамын.Яғни бұл менің жұмысқа баратын жолым. Мен осы жерге жиі келемін, өйткені бұл жердің суық кофесі өте дәмді, ал ұннан жасалған тағамдары ең кереметі. Түрік бәліштерін тек осы жерден ғана алуға болады. Өте дәмді.
Қазақстаннан келген отбасы америкалық серіктесімен бірге осы дәмхананы ашқан. Өздері ғимараттың ішіне жөндеу жүргізіп, безендірген. Ас мәзіріне ұлттық тағамдарды қойып, америкалықтардың оң бағасын алып отыр.
Абдурахман Абшүкір, кәсіпкер:
Мына жақта нандарда Қазақстандағыдай дәм жоқ, Америкада. Кішкене біртүрлілеу болады дәмдері. Әсіресе қымбаттау болады. Бауырсақты көргенде адамдар бір ерекше дәм береді. Сосын бауырсақтың дәмін татып көріп жатыр, жақсы нан бар екенін.
Нұрбек Сейітқалиев:
Иә, осы кофейниге жиі келіп тұрамыз. Ағамыз көршім, өте керемет. Таңғы астары, кофелері бәрі өте ұнайды. Міне, америкалықтар келіп жатыр,демек жақсы жүріп жатыр деген сөз.
Кәсіпкер отбасы сұранысқа сай ас мәзіріндегі ұлттық тағамдардың қатарын көбейтіп, көшпенділердің мәдениетін одан ары паш етуді жоспарлап отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы