Басты Жаңалықтар Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі жұмысшы мамандықтары жылына орай жастармен кездесті

Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі жұмысшы мамандықтары жылына орай жастармен кездесті

Жұмысшы мамандықтарды қолдау жылына орай Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Өзбекстандағы Шыршық филиалында жастармен кездесу өтті. Елшілік өкілдері студенттерге еңбек адамының қоғамдағы рөлі жайлы дәріс оқыды. Бағдарламаның стратегиялық маңызы жайлы түсіндірді. 

Басқосуда тәуелсіз еліміздің тарихы, жүріп өткен жолы мен халықаралық аренадағы қазіргі рөлі сөз болды. Көрші мемлекеттермен арадағы достық қарым-қатынас төңірегінде әңгіме өрбіді. Мұнда қазір 500-ге жуық студент оқиды. Дені осы жақта тұратын қандастарымыз. Олар Қазақстанда атқарылып жатқан реформаларға қанықты.

Айдын Түсіпбаева, студент:

Бұл біздің университетімізде, оқытушылар мен студенттерге берілген үлкен мүмкіндіктер. Бүгінгі болып өткен шаралардан өзіме болашақ  керекті деген нәрселерді ұғып алдым. 

2025 жыл елімізде жұмысшы мамандықтарды қолдап, олардың қоғамдағы рөлін арттыруға арналды. Бағдарламаның стратегиялық рөлі мен оның болашақ мамандар үшін маңыздылығы жастарға жан-жақты таныстырылды. Студенттер көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алды.

Сержан Сәрсенбаев, Қазақстанның Өзбекстандағы елшісінің кеңесшісі:

Шыршық қаласындағы жоғарғы оқу орны Қазақстанның шетелде ашқан тұңғыш университет филиалы. Екі ел арасындағы тығыз байланыс және болып жатқан біріккен жобалар және жұмысшы мамандықтың маңыздылығы мен болашақта атқарылатын миссиялар жайында түсіндіріп айтылды.

Жуырда Қазақстан президентінің осы елге сапары барысында бірқатар бірлескен кәсіпорындар іске қосылды. Бұл жобалар жастардың кәсіби өсуіне жаңа мүмкіндіктер ашып, білікті кадрларға деген сұранысты арттырары анық.


Бөлісу