«Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының жеңімпаздары анықталды
Қарағанды облысында 425 мектептен 4 000-нан аса оқушы бақ сынаған «Тұлпар мініп, ту алған» байқауы аяқталды. Ақтық сынға тек 39 үміткер ғана жолдама алған. Олар «Бөгенбай батыр» жырын жатқа айтып, қазылар алқасының сұрағына жауап берді.
Үміткерлер арасында 70-ке жуық өзге этнос өкілдері де бар. Сайыс барысында жырды кідірмей, мүдірмей оқып, толық жаттаған Раяна Әмірханова жеңімпаз атанды. Оған 1 миллион теңге қаржылай сыйақыдан бөлек, Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті атынан жоғары оқу орнына грант табысталды. Ал ұстазына «Қазақ тілі» халықаралық қоғамы атынан жеңіл автокөлік сыйға берілді.
Толғанай Ерменбетова, мұғалім:
Бүгін қуанышымызда шек жоқ. Бас жүлдені қоржынға салдық. Бұл үлкен еңбектің, маңдай тердің ақталғаны. Қазіргі кезде балалар кітап оқымайды. Сондықтан мұндай байқаулардың ұйымдастырылғаны дұрыс деп ойлаймын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00