Басты Жаңалықтар Ақтөбе облысында шалғай ауылда емдеу мекемесі ашылды

Ақтөбе облысында шалғай ауылда емдеу мекемесі ашылды

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданына қарасты Нұра ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Медициналық нысан «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық бағдарламасы аясында салынды. Құрылысқа облыстық бюджеттен және қайтарылған активтер есебінен 327 миллион теңге жұмсалған. Жұмыс белгіленген мерзімде аяқталды.

Ауылда жеті жүзге жуық тұрғын бар. Оның екі жүзі – бала. Емделушілерге бір дәрігер мен үш мейірбике қызмет көрсетеді.

Сәуле Сатаева, дәрігер:
Амбулатория стандартқа сай салынған. Іші жақсы, жарық, таза. Өте әдемі. Әр бөлмесі заманауи техникалармен жабдықталған. Енді алдағы уақытта осы ғимараттың ішінде ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуге дайынбыз.


Бөлісу