Келес өзені арқылы өтетін көпір құлады
Облыстық маңызы бар автожолдағы көпірдің құлауға шақ тұрғанын кеше жергілікті тұрғындар түсіріп, әлеуметтік желіге салған болатын. Содан кейін жергілікті билік тарапынан көлік қозғалысына шұғыл шектеу қойылды.
Ал кешкі бестер шамасында Ұшқын ауылына өтетін көпір толықтай құлады. Салдарынан ауылға тартылған ауыз су жүйесіне де зақым келіп, су беру тоқтатылды.
Қазір көпір қалпына келтіріліп жатыр. Көліктер Алпамыс және Біртілек ауылдық округтері арқылы 10–15 шақырым болатын айналма жолмен қатынауда. Ұшқын ауылына су көлікпен тасымалданып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06