Президенттің Жапонияға сапары: 3,7 млрд доллардан асатын келісімдерге қол қойылады
Мемлекет басшысының Жапонияға сапары барысында жалпы құны 3,7 миллиард доллардан асатын келісімдерге қол қойылады. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram арнасында жазды. Президент осы мақсатта Токиода жапониялық ірі бизнес өкілдерімен кездеседі. Барлығы 40-тан астам құжат қабылданады.
Келісімдер энергетика, жаңартылатын қуат көздері, цифрландыру, тау-кен, көлік секілді негізгі салаларды қамтиды. Қазақстан тарапынан құжаттарға «Самұрық-Қазына», KEGOC, «Қазатомөнеркәсіп», «Тау-кен Самұрық», «Қазпошта», «Қазақстан темір жолы» компаниялары қол қояды. Ал Жапония тарапынан Marubeni, MUFG Bank, Mitsubishi Heavy Industries, Hitachi Energy, Toshiba, JOGMEC, Kansai Electric Power және Riken Kogyo компанияларының өкілдері қатысады.
Президент сапар аясында өзге де ресми келіссөздер мен іскерлік кездесулер өткізеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы