Басты Жаңалықтар Мемлекет басшысы Жапония императоры Нарухитомен кездесті

Мемлекет басшысы Жапония императоры Нарухитомен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барды. Қазақстан президентін Токио қаласының Ханэда халықаралық әуежайында Жапонияның мемлекеттік сыртқы істер министрі Аяно Кунимицу қарсы алды.

Президенттің Жапонияға алғашқы ресми сапары император Нарухитомен кездесуден басталды. Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық танытқаны үшін Жапония императорына ризашылығын білдірді. Қазақстан халқы Күншығыс елінің тәртібі мен табандылығын әуелден үлгі тұтатынын атап өтті. Сондай-ақ екі елді өзара құрмет пен түрлі саладағы табысты ықпалдастыққа негізделген байырғы достық қатынастар байланыстыратынын жеткізді. Император Нарухито президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары Жапония мен Қазақстан арасындағы байланыс тарихында елеулі оқиға ретінде қалатынын және екіжақты қарым-қатынасты жаңа деңгейге шығаратынын айтты.


Бөлісу