Әлем жаңалықтарына шолу
АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэланы теңізде блокадаға алуға бұйрық берді. Енді санкцияға іліккен мұнай танкерлері бұл елден шыға да, кіре де алмайды. Трамп әкімшілігі есірткі контрабандасымен күрес мақсатында Кариб теңізінде ірі теңіз күштерін шоғырландырды.
Берлинде АҚШ, Еуропа мен Украина арасында екікүндік келіссөздер өтті. Оның нәтижесінде Украинаға НАТО-ның 5-бабы үлгісінде қауіпсіздік кепілдігін беру топтамасы жасақталды. Дегенмен тараптар аумақ мәселесі бойынша ортақ мәмілеге келе алмаған.
«Хамас» Израильді атысты тоқтату келісімін бірнеше мәрте бұзды деп айыптады. Бұл ақпаратқа сай, бітім басталғалы Газа секторында 400-дей палестиналық оққа ұшқан. Олардың 95 пайызы - бейбіт тұрғындар. Израиль тарапы бұл мәліметке қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.
Еуропа Одағы 2035 жылдан бастап бензинмен және дизельмен жүретін жаңа автомобильдерді сатуға тыйым салған заңға өзгеріс енгізбекші. Он жылдан кейін сатылатын машиналардың 10 пайызына жанармаймен жүруге рұқсат етпекші.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы