Басты Жаңалықтар Такси бағасының өсуі инфляция деңгейінен асып түсті

Такси бағасының өсуі инфляция деңгейінен асып түсті

Биыл елімізде такси бағасының өсуі инфляция деңгейінен асып түсті. Ірі қалаларда такси күнделікті қатынастың ажырамас бөлігіне айналған. Алайда жайлылық пен жылдамдық үшін тұрғындар бұрынғыдан да көп төлеуге мәжбүр.

Ұлттық статистика бюросы «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінің дерегінше, 2025 жылдың қарашасына қарай такси қызметі бір жылда 15%-ға қымбаттаған. Бұл кезеңдегі жалпы инфляция деңгейі 12,4%. Ал Yandex Taxi қызметінің мәліметінше, биыл ел бойынша таксимен жүрудің орташа бір минуттық құны 90 теңге болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға жоғары. Такси қызметіне деген сұраныс 19%-ға артқан екен. Ең жоғары баға Түркістан облысында тіркелген, яғни 42,9%-ға артқан. Сондай-ақ Ақмола және Жетісу облыстарында айтарлықтай қымбаттаған. Батыс Қазақстан мен Павлодар облыстарында баға өзгермеген. Сарапшылардың пікірінше, такси бағасының өсуіне жанар-жағармай құны, техникалық қызмет шығындары және агрегатор комиссиялары әсер еткен.


Бөлісу