Тыйым салынған жерде темекі тарту – 65 мың теңге айыппұл
Тыныштықты бұзып, рұқсат етілмеген жерде темекі шегіп, қоқысты кез келген жерге қалдыратындарға салынатын айыппұл мөлшері өседі. Бұл жыл сайынғы айлық есептік көрсеткіш көлемінің өсуімен байланысты. 2026 жылы айлық есептік көрсеткіш 4325 теңге болып белгіленді. Сонымен тыныштықты бұзған көршілерге 21 мыңнан 43 мың теңгеге дейін айыппұл салынады. Заң бойынша түнгі сағат 22:00-ден таңғы 9:00-ге дейін тұрғын үйлерде тыныштықты бұзуға болмайды. Тыйым салынған жерлерде темекі шеккендерге 65 мың, ал дәлізде ішімдік ішкендер 22 мың теңгеге жуық айыппұл төлейді. Пәтер есігінің жанына қоқыс тастап кеткендерге 86 500 теңге көлемінде айыппұл салынады. Жағдай бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл өсіп, 130 мың теңгеге дейін төлеуге тура келеді.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды
22.10.2026, 13:10
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01