ЕуроОдақ көлік сату саясатын өзгертуге мәжбүр
Еуропа одағы 2035 жылдан бастап бензинмен және дизельмен жүретін жаңа автомобильдерді сатуға тыйым салған еді. Енді сол ережені жеңілдетпек. Мұны Еуропаның климат, нөлдік деңгейдегі ластау және экологиялық тазалық жөніндегі комиссары Вопке Хёкстра мәлімдеді. Оның сөзінше, он жылдан кейін сатылатын машиналардың бұрынғы заңдағыдай 100 пайызы емес, 90 пайызы ғана атмосфераға көмірқышқыл газын таратпауы керек.
Ал қалған 10 пайызына дәстүрлі жанармаймен қозғалатын және гибридтік көлік түрлерін сату кірмек. Одақ мұндай шешімді Германия, Италия сияқты елдердің автоөндірушілері тарапынан қысым күшейген шақта қабылдады.
Айта кетсек, еуропалық автоконцерндер Қытаймен, АҚШ-пен бәсекеде есе жібермеу
үшін қазба отынға негізделген машиналар саудасын жалғастыруды талап етіп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы