Басты Жаңалықтар Дамуында кемістігі бар балаларды ерте анықтау жүйесі күшейтілді

Дамуында кемістігі бар балаларды ерте анықтау жүйесі күшейтілді

Дамуында кемістігі бар балаларды ерте анықтау және қолдау жүйесі күшейтілді. Биыл осы мақсатта педиатриялық көмек стандарты жаңартылды. Бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының базасында 290 ерте даму және араласу орталығы, сондай-ақ 139 педиатриялық бөлімше ашылды. ЮНИСЕФ қолдауымен жас балалардың дамуын бақылауға арналған GMCD халықаралық нұсқаулығы енгізілуде. Бұл бағытта 18 мастер-жаттықтырушы арнайы даярлықтан өтті. Барлық өңірлерде көмектің сапасын арттыру үшін патронаждық бақылаудың әмбебап прогрессивті моделі енгізілді. Сонымен қатар мамандарды кәсіби қолдаудың бірыңғай жүйесі қалыптастырылды. Ол тұрақты оқыту бағдарламаларын және шала туған нәрестелерді күту бойынша неонаталдық мейіргерлерді апта сайын оқытуды қамтиды. Мамандардың айтуынша, ерте күтім жүйесінің кешенді дамуы нәресте өлімінің төмендеуіне тікелей әсер етіп отыр.

Бөлісу