Басты Жаңалықтар СҚО-да тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға баспана берілді

СҚО-да тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға баспана берілді

Петропавл қаласындағы Заречный кентінің тұрғындарына жаңа пәтерлердің кілті табысталды.

Былтыр тасқын кезінде шағын аудан толықтай су астында қалған болатын. 450 баспананың жартысына жуығы жөндеуге жарамсыз деп танылды. Заречный кенті Есіл өзенінің жағасында орналасқандықтан, үйлерді тағы да су басу қаупі жоғары. Сондықтан тұрғындарды қаланың басқа аудандарына көшіріп, Заречныйды жабу жөнінде шешім қабылданған еді. Бүгін 40 отбасы жаңа баспанаға ие болды.

Күлбаршын Молдағалиева, зейнеткер:

Еліміз бізді ұмытпай, көрген бейнетіміздің бәрін бір сағаттың ішінде ұмыттырып, жаңадан үй беріп жатыр. Іші бәрі ыңғайлы, екі бөлмелі, үшінші қабаттағы пәтер.

Заречный ықшам ауданындағы ескі үйлер сүріледі. 250-ден астам отбасын көшіру жоспарланған. Қалада тұрғындарға арналған тағы бірнеше көпқабатты үй салынып жатыр.

Серік Мұхамадиев, қала әкімі:
90 пәтерлік үй салынды. Екінші үй – 72 пәтерлік, қазір салынып жатыр. Тағы бір жоба дайындалып жатыр, 11 пәтерлік.


Бөлісу