Басты Жаңалықтар Берлинде Украинадағы соғысты тоқтату мәселесі талқыланды

Берлинде Украинадағы соғысты тоқтату мәселесі талқыланды

Берлинде АҚШ, Еуропа және Украина арасында екі күндік келіссөздер өтті. Оның нәтижесінде Украинаға НАТО-ның 5-бабы үлгісінде қауіпсіздік кепілдігін беру пакеті жасақталды. Дегенмен тараптар территория мәселесі бойынша ортақ мәмілеге келе алмаған. Президент Владимир Зеленский бұл проблеманы шешуге Құрама Штаттар жәрдемдеседі деп үміт білдірді.

Зеленскийдің мәлімдеуінше, АҚШ кездесу қорытындысын Ресейге хабарлайды. Содан кейін Америка мен Украина арасындағы келіссөздер қайта өтеді.

«Нью-Йорк Таймс» газетінің дерегінше, Берлинде ұсынылған жаңартылған бейбіт жоспарда АҚШ пен Еуропа күштерінің көмегімен Ресей агрессиясының алдын алу механизмі қарастырылған.


Бөлісу