Трамп санкциядағы мұнай танкерлерін блокадаға алуға бұйрық берді
АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэланы теңіз блокадасына алуға бұйрық берді. Демек, оңтүстік америкалық елден Американың санкциясына іліккен мұнай танкерлері енді не шыға алмайды, не кіре алмайды. Трамп әкімшілігі күздің басынан бері Кариб теңізіндегі Венесуэла жағалауы маңына ірі теңіз күштерін шоғырландырды. Вашингтонның мәліметінше, бұл әскери топтың мақсаты – есірткі контрабандасымен күресу. Сол теңізшілер бірнеше операция жүргізіп, бүгінге дейін 90 адамды мерт қылған.
Бұл аздай, Құрама Штаттар лидері Венесуэла президенті Николас Мадуро мен оның айналасындағыларды «шетелдік террористік ұйым» деп атады.
Мадуро болса, Трамптың есірткі тасымалымен күрес науқанына күмән келтіріп, АҚШ үкіметін Венесуэла билігін құлатуға әрекеттеніп жатыр деп айыптап отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы