Шымкент–Бангкок бағытында тікелей әуе рейсі ашылды
Қазақстан мен Таиланд арасында әуе рейстері көптеп ашылуда. Енді Шымкенттен Бангкокке тікелей ұшақпен қатынауға болады. Қазақстанның Таиландтағы елшісі Марғұлан Баймұхан SCAT Airlines компаниясының Шымкент–Бангкок бағыты бойынша тікелей жолаушылар рейстерін іске қосу салтанатына қатысты. Бұл шара екі ел арасындағы әуе қатынасы мен көлік байланысын нығайтудың маңызды кезеңі. Қазіргі уақытта Қазақстан мен Таиланд Корольдігі арасында Air Astana, SCAT Airlines және Thai AirAsia X әуекомпаниялары аптасына 23 тұрақты рейс орындайды. 2026 жылдың соңына дейін Бангкокқа рейстер саны аптасына 2-ден 4-ке дейін артады. Ал келер жылы Австрия, Әзербайжан, Қырғызстан, Латвия, Ресей, Үндістан және Чех Республикасына жаңа рейстерді іске қосу жоспарлануда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06